
Ойын бизнесінде есепке алу мен бақылауға арналған цифрлық платформа, ашықтықты, заңдылықты және пари қатысушыларының қорғалуын қамтамасыз етеді
Компания туралы
«Бірыңғай есепке алу жүйесінің операторы» ЖШС
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №1087 қаулысына сәйкес жарғылық капиталға қатысудың 100 пайыздық үлесімен құрылды. Уәкілетті орган болып Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитеті» ММ белгіленді
Мақсаты – «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бірыңғай Есепке алу Жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету
БЕЖ функциялары
Артықшылықтары
Азаматтарды қорғау
Осал топтардың қатысуына жол берілмейді
Бірыңғай есеп айырысу
Нарықтағы барлық тараптар үшін есеп айырысу ашық және біркелкі болады
Транзакцияның ашықтығы
Әр операция тіркеліп отырады - бұл бақылауды күшейтіп, алаяқтықтың алдын алады
Мемлекеттік дерекқорлармен интеграция
Ресми тізімдер арқылы сәйкестендіру, тексеру және шектеулерді анықтау мүмкіндігі бар
Қазіргі заманғы төлем инфрақұрылымы
NomaPay платформасы арқылы төлемдер қауіпсіз әрі тез жүзеге асады - электрондық ақша, банк арналары және API қолдану арқылы
Қауіпсіздік пен үздіксіздік
Жүйе құрылымы ақпараттық қауіпсіздік пен жоғары қолжетімділік талаптарына сай жасалған
Заңнама негізі
Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» заңы
Ойын қызметін реттеудің құқықтық негіздерін айқындайды, оның ішінде ставкалар мен ұтыстарды орталықтандырылған есепке алуды міндеттейді, сондай-ақ пари қатысушыларын сәйкестендіру механизмдерін белгілейді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №1087 қаулысы
«Бірыңғай есепке алу жүйесінің операторы» ЖШС-ін 100% мемлекеттік қатысумен құрып, оған БЕЖ операторының функцияларын жүктейді
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігінің бұйрықтары
БЕЖ-ге букмекерлік қызмет операторларын интеграциялауға қойылатын техникалық және ұйымдастырушылық талаптарды, сәйкестендіру, есептілік және жүйемен өзара іс-қимыл ережелерін айқындайды
Букмекерлердің Өзін-өзі Реттейтін Ұйымының талаптары
БЕЖ-пен өзара әрекеттесу стандарттарын нақтылайды. Оған жүйеге қосылу шарттары, алаяқтыққа қарсы тетіктер, деректердің сақталуы мен қауіпсіздігі, сондай-ақ өзге де операциялық параметрлер кіреді
Байланыс
Өтініш қалдыру
Қосымша ақпарат алғыңыз келе ме?
Төмендегі форманы толтырыңыз – біз жақын арада хабарласамыз